Саясат • 17 Ақпан, 2020

Сыртқы істер министрлігі мен БҰҰ елдік офисі халықтың қоныстану мәселелерін талқылады

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Халықтың қоныстануы саласындағы қорының арасындағы БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қорының Қазақстан Республикасындағы елдік офисінің құқықтық мәртебесіне қатысты ноталармен алмасу нысанындағы келісімді жасасудың ресми рәсімі өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы істер министрлігі мен БҰҰ елдік офисі халықтың қоныстану мәселелерін талқылады

Қазақстандық тарапты Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, ал Қорды - Халықтың қоныстануы саласындағы қордың (UNFPA) Қазақстандағы өкілі, Қырғызстан және Түрікменстан бойынша елдік директоры Джулия Валезе басқарды.

Е.Ашықбаев БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қорының Қазақстандағы бағдарламалық қызметі Үкіметіміздің басымдықтарына, БҰҰ даму саласындағы әріптестік негіздемелік бағдарламасына және 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне сәйкестігін атап өтті. 

Қазақстан Үкіметі БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қорымен халықтың қоныстануы және ұлттық стратегиялық бағдарламалары мәселелерін дамыту, сонымен қатар, елдің Орнықты дамудың үшінші және бесінші мақсатына жету бойынша бағдарламалық қызметі шеңберіндегі сындарлы өзара әрекеттестікті жалғастыруды маңызды санайды. 

БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қоры қызметінің негізгі бағыттары: репродуктивті деңсаулықты жақсарту саласында жәрдем көрсету; әйелдер, жасөспірімдер, жастар сонымен қатар, мигранттар, қарттар, мүгедектер және басқа да осал топтардағы адамдардың құқықтарына ерекше назар аудара отырып, халықтың репродуктивті құқықтарымен байланысты мәселелерді шешу; гендерлік зорлық-зомбылыққа ден қою; демографиялық статистиканың жақсаруы және халықтың санағын жүргізуде және негізгі ұлттық тексерулерде қолғабыс көрсету.