- Киностудияның ресми әлеуметтік желілерінде отандық фильмдерді ғаламтордан қалай көруге болатыны туралы жиі сұрайды. Біз YouTube желісіндегі арнамызды үнемі жаңартып отыруға тырысамыз. Сондықтан да қазақ киносының классигі Шәкен Кенжетайұлы қатысқан барлық фильмдерді youTube желісіне жүктеп, барлық қазақстандықтарға осындай сыйлық жасауды шештік, - деді ол.
Арман Әсенов одан бөлек, «Қазақфильм» киностудиясы қазақ киносының алтын қорына енген басқа да фильмдерді өзінің youtube желісіндегі ресми арнасына жүктеуді жоспарлап отырғанын айтты.
Естеріңізге сала кетсек, былтыр қазан айында ресми youtube-арнасына тәуелсіздік жылдары жарық көрген 4 толықметражды және 15 қысқаметражды анимациялық фильмдер жүктелген болатын.