Спорт • 17 Ақпан, 2020

Сарвиноз Миркадирова Чехия ашық чемпионатының ширек финалына жетті

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чехияның Годонин қаласында үстел теннисінен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы ашық біріншілік басталды. Әлемнің 39 мемлекетінен қатысқан 320 спортшының қатарында қазақстандықтар да бар. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Сарвиноз Миркадирова Чехия ашық чемпионатының ширек финалына жетті

Ірі халықаралық турнирде Сарвиноз Миркадырова, Алан Құрманғалиев, Анель Бақыт, Искандер Харки, Ангелина Романовскаялар сынға  түсті. 

Жарыс қорытындысы бойынша, Алан Құрманғалиев іріктеуден өтіп, 1/32 айналымда ұтылды. Ал Сарвиноз Миркадырова ширек финалға жетіп, франциялық спортшыдан 2:3 есебімен ұтылды. 

«Спортшылар деңгейінің өскені байқалады. Әрі қарай тынымсыз еңбектенеміз. Қарсыластардың барлығы да қарымды», - дейді аға жаттықтырушы Евгений Тимченко.