Аймақтар • 18 Ақпан, 2020

Түркістан облысында балалар арасындағы суицид 32%-ға азайған

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы басшылығының тікелей бақылауындағы суицид бойынша бірнеше бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылуда.

Түркістан облысында балалар арасындағы суицид  32%-ға азайған

Соның бірі – «Бестерек» жобасының аясында мыңнан астам педагог-психолог кезең-кезеңімен дайындықтан өтуде. Дайындықтан кейін мамандар «тәуекел тобына» жататын балалар мен олардың ата-аналарымен тығыз жұмыс істеп, қолдау көрсетуде.

Осы сынды нақты жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы суицид көрсеткіші 32%-ға азайған. Ал алдыңғы жылы облыста 106 суицид тіркеліп, оның 41-і қайғылы жағдайда аяқталған болатын. Бұл деректер Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-де басталған 76 сағаттық тәжірибеге бағытталған пилоттық жоба аясындағы курс барысында мәлім етілді.

Жасөспірімдер арасындағы өзіне қол жұмсау әрекеттерінің алдын алу, психологтарды тәжірибелік әдістемелермен таныстыру мақсатында басталған жаңа жоба өңірдегі мектеп директорлары мен олардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары және психологтардың басын қосты. Университет ғалымдары мен облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшылығы, прокуратура өкілдері де қатысты. Курс барысында ұстаздар 2 апта бойы әлемдік тәжірибеге бағытталған психологиялық амалдармен танысады. Жиналған мамандар мен сарапшылар осы бағыттағы ғылыми тәжірибелерімен бөліседі.