Қазақстан • 18 Ақпан, 2020

Бақыт Сұлтанов: Елімізде смартфонмен сауда жасайтындардың үлесі 65% артты

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде электрондық сауда нарығының көлемі 1,8 есеге өсіп, 700 млрд теңгеден асты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Сауда  және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты. 

Бақыт Сұлтанов: Елімізде смартфонмен сауда жасайтындардың үлесі 65% артты

«Бұл ретте ішкі нарық қарқынды дамуда. Қазақстандық интернет дүкеннен сатып алу көлемі 422 млрд теңгені құрады. Халықаралық интернет алаңдарында 280 млрд теңге болды. Сатып алулар үлесі 40,5 млнға өсті. », - деді министр.

Бүгінгі Үкімет отырысында электрондық сауданы дамыту мәселелерінің бірқатар легі талқыланды. Сонымен қатар бюджеттің басым емес шығыстарын азайту жөніндегі шаралар жайында сөз қозғалды.