Медицина • 18 Ақпан, 2020

Дәрігерлердің жалақысы 30%-ға, медициналық персоналдың жалақысы 20%-ға артты

245 рет көрсетілді

Елордада барлығы 2 914 дәрігер, 5 839 медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жалақыны арттыруға бөлінген қаражат, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ арқылы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдары бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа қосымша келісімдер жасасу жолымен медициналық қызметтерге тарифтерді ұлғайту арқылы жеткізілді.

Қызметкерлердің жекелеген санаттарына жалақыны есептеу үшін біліктілік санатына байланысты мынадай коэффициенттер қолданылатын болады: - біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға: жоғары санаты бар – 1,5; бірінші санаты бар - 1,47, екінші санаты бар-1,42, санатсыз-1,38; - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға: жоғары санаты бар -1,35, бірінші санаты бар -1,33, екінші санаты бар-1,3, санатсыз -1,29; санитарлар-1,15 (2019 жыл деңгейінде жалақыны сақтау мақсатында).

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 8 753 медициналық қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 2 914 дәрігер, 5 839 медициналық қызметкерлер бар.

Соңғы жаңалықтар

Елордада жаңа аллея ашылды

Экология • Бүгін, 14:30

Ескерусіз кеткен есіл ер

Таным • Бүгін, 12:50

Қилы-қилы тағдырлар

Тарих • Кеше

Бір шаңырақтан – үш майдангер

Руханият • 08 Мамыр, 2021

Қазақ дегеніміз – Бауыржан...

Руханият • 08 Мамыр, 2021

Ұқсас жаңалықтар