Аймақтар • 18 Ақпан, 2020

Алматыда әлі де қар көшкіні қаупі бар

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қар көшкіні қаупі сақталып тұр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Алматыда әлі де қар көшкіні қаупі бар

Соңғы мәліметтерге қарағанда, қалада жауын-шашын болу мүмкіндігіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 17-18 ақпан аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

«Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар»,- делінген синоптиктердің хабарламасында.

Айта кетсек, кеше де Алматы қаласы маңында қар көшкіні тіркелді.