1962-1969 жылдары ол Қызылорда облыстық «Ленин жолы», Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газеттерiнiң редакторы болып iстейдi. 1969 жылы «Социалистiк Қазақстан» газетiн басқаруға келедi. Осы жерде өмiрiнiң соңына дейiн бас редактор болды.
Ұ.Бағаев бiрнеше жыл Қазақстан Журналистер одағының төрағасы мiндетiн атқара жүрiп, республикадағы журналист кадрларын даярлау iсiне елеулi үлес қосты. «Халық бастамасы – қайнар бұлақ» (1961 ж.), «Дала жұлдыздары» (1970 ж.), «Жан сұлулығы» (1975 ж.), тағы басқа да кiтаптары жарық көрген. Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгiсi ордендерiмен және бiрнеше медальмен марапатталған. КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Алматы облысының Райымбек ауданындағы Алғабас ауылында Ұзақ Бағаев атындағы орта мектеп, көше бар. Сол туған жерiнде музей-үйi ашылған. Жыл сайын журналистерге берiлетiн Ұзақ Бағаев атындағы арнаулы жүлде бар.