Аймақтар • 18 Ақпан, 2020

Отандық балмұздақ «ПродЭкспо-2020» алтын медалін еншіледі

207 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәскеуде «ПродЭкспо-2020» азық-түлік өнімдерінің, сусындар мен шикізаттың ХХVІІ халықаралық көрмесі қазақстандық балмұздақтың жеңісімен аяқталды.

Отандық балмұздақ «ПродЭкспо-2020» алтын медалін еншіледі

Биыл экспозицияға рекордтық көрсеткіште әлемнің 70 елінен 2600 қатысушы, оның ішінде Қазақстаннан 24-і келген. Олардың қатарында Орталық Азияда балмұздақ өндіру саласының көшбасшысы және қазақстандық балмұздақты шетел нарығына алғашқы экспорттаушы «Шин-Лайн», «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы, алкоголь өнімін өндіруші «Бахус» және «Алматы Стекло» шынытараны декорациялау және өндіру жөніндегі компаниялары бар.

«Шин-Лайн» компаниясы Қазақстанға «Үздік өнім - 2020» аталымының дипломы және алтын медалімен оралды. Бұл марапат трюфель-қызыл апельсин «Бахрома» кілегейлі балмұздақ эскимосы және «Мишка на плюсе» қант стақаны - шоколадты пломбир және шоколадтағы пломбир эскимо зефир балмұздағы үшін тапсырылды.

«Шин-Лайнға» Продэкспо сынды деңгейдегі тәуелсіз сараптамалық бағаны алу маңызды. Бұл компанияның барлық мамандарының жоғары кәсібилігін көрсетеді. «Үздік өнім» дипломы мен алтын медалі ТМД және Шығыс Еуропа елдерінің аумағында балмұздақ санатындағы біздің өнімдеріміздің жоғары сапасына кепілдік береді, бұл тұтынушылар үшін таңдау жасауда жол сілтер бағыт болып табылады. Компанияның барлық қызметкерлері үшін аталмыш оқиға жаңа маусымның басталуында жаңа жетістіктерге деген тамаша мотивация, ал біздің тұтынушы үшін ең үздік балмұздаққа қол жеткізе алуының кепілдігі», - деп атап өтті «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин.

«Продэкспо» — Ресей мен Шығыс Еуропадағы ең ірі халықаралық сусындар мен азық-түлік көрмесі. Ал «Үздік өнім» халықаралық салалық дәмін тату байқауы Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлігімен өткізіледі. Ұйымдастырушылар жыл сайын қатысушылардың саны артып, байқауға ұсынылатын өнімнің деңгейі өсе түскенін атап өтуде.

 

АЛМАТЫ