1962 жылы комсомолдық жұмысқа жiберiледi. Алғашында ЛКСМ Орталық Комитетiнiң нұсқаушысы, сонан соң бөлiм меңгерушiсiнiң орынбасары, бөлiм меңгерушiсi болды. Ал 1969-1979 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетi хатшысының көмекшiсi қызметiн атқарды. Ал 1979-1987 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң бөлiм меңгерушiсiнiң орынбасары, бiрiншi орынбасары болып iстедi.
1987 жылдың қаңтарынан 1989 жылдың қарашасына дейiн «Егемен Қазақстан» газетiнiң бас редакторы қызметiн атқарды. Ол бұдан кейiн де түрлi жауапты жұмыстарда болып, зейнет демалысына шықты.