Кино • 18 Ақпан, 2020

«Матрица 4» фильмінің түсірілімі басталды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желіде «Матрица 4» фильмінің түсірілім жұмыстары жүріп жатқан жерден жаңа видеолар пайда болды. Видеодан аталған фильмнің басты жұлдыздарын көруге болады.

«Матрица 4» фильмінің түсірілімі басталды

Төмендегі видеода Нео және Тринити рөлдерінде Киану Ривз бен Кэрри Энн-Моссты көре аласыз. Түсірілім тобы мотоциклмен бірнеше эпизод түсіріп жатқанға ұқсайды.

Киноның жалғасында Кианудың бейнесі сақалды және шашты болып қала бермек. 

Осы орайда «Матрица 4» әлеміндегі адамдар сандық көшірмелерде қартаймайды ма? - деген сұрақ аясында халық арасында бірнеше пікір туындаған.

Біз жаңа «Матрицаның» сюжетін әлі білмейміз. Бірақ сонда да жаңа  кейіпкер қыз шығатыны белгілі, ал үшінші фильмнің оқиғалары бұл бөлімде қозғалмайтыны анықталды.

Прокатқа «Матрица 4» 2021 жылы 21 мамырда «Джон Уик 4» фильмімен қатар шығады.