Қоғам • 19 Ақпан, 2020

Электр қуаты қымбаттайды

803 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында халық тұтынатын элек­тр қуатының бағасы қым­баттайды. Қазіргі тариф бойынша өңірдегі әр отбасы орта есеппен 175 кВт электр қуатын тұтынып, оған айына 2433 теңге төлеп келген. Енді 1 ақпаннан бастап мұның үстіне 175 теңге қосылып, әр отбасы төлейтін токпұл көлемі 2608 теңге болады.

Электр қуаты қымбаттайды

Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық де­пар­таментінің басшысы Ақан Таш­панов электр қуатының қым­баттау себебін түсіндірді. Оның ай­туынша, мұндай шешім электр энер­гия­сының шекті тарифінің өсуі мен та­сы­малдауға кететін шығындардың кө­бейіп кетуіне байланысты қабылданып отыр.

– Бізге «Қостанай Энерго Центр» ЖШС-нен 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап 1 кВт/с электр қуатының ба­ғасы, қо­сым­­ша салық құнын қос­пағанда, 17,64 теңгеден 18,97 теңгеге дейін өсетіні туралы хабар ке­ліп түсті.  Осыған байланыс­ты ашық талқылау өткіздік. Оған мемлекеттік органдардың, тұ­тынушылар мен қоғамдық бір­­лестіктердің өкілдері, тә­уел­сіз сарапшылар қатысты. Нә­ти­жесінде, 1 кВт/с электр қуа­тының бағасы, қосымша салық құнын қоспағанда, 18,92 теңге болып белгіленді. Алдағы айдан бас­тап жеке тұлғалар 1 кВт/с электр қуаты үшін 14,6 теңге, ал заңды тұлғалар 23,3 теңге тө­лейтін болады, – деді департамент басшысы.

 

Нұрқанат ҚҰЛАБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

 

ҚОСТАНАЙ