Абай • 19 Ақпан, 2020

Алматыда «әл-Фараби – Абай: рухани сабақтастық мәселесі» атты жиын өтті

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі бірлесе ұлы ойшыл, философ әл-Фарабидің 1150, ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арналған «әл-Фараби – Абай: рухани сабақтастық мәселесі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстелін өткізді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда «әл-Фараби – Абай: рухани сабақтастық мәселесі» атты жиын өтті

Іс - шараға фарабитанушы, абайтанушы ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің ғылыми хатшысы Р.Елекенова «Абай әлемі» тақырыбына тоқталып, музейдің тыныс-тіршілігі, ғылыми қоры, баспа өнімдерімен таныстырды. Сонымен қатар ұлы тұлғалардың өмірі мен бай мәдени шығармашылығына қатысты ғылым мен білім берудің әдіснамалық және практикалық мәселелері талқыланды.

Мәдени шара барысында Әл-Фараби кітапханасының «Әл-Фараби» экспозициясы, Әл-Фараби кітапхана көрмесі, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің қорында сақталған Абай өмірі мен шығармашылығы бойынша «Абай әлемі» көрмесі, кітаптар мен қолжазбалар көрмесі таныстырылып, көрермендер назарына ұсынылды. Мәдени шараның соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

1