Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек дегендей, Ақтөбеде Абайдың туғанына 175 жыл толу құрметіне өткізілген концерт жанрлық бағдарламасы және синтездік тұтастығымен көрермендерді баурап алды. Дана Абайдың өлеңмен бірге күй де шығарғанын екінің бірі біле бермеуі мүмкін. Айрықша концерт ақынның «Торы жорға» күйімен басталуы да өнер кешінің тақырыптық мәні мен мазмұнын ашып бергендей әсер қалдырды.

Бұдан кейін жалғасқан «Ұлы дала жүйрігі» атты айтыс концертте Абай мұралары ХХІ ғасырдың игілігіне де қызмет жасай беретіндігі жөнінде әдемі ой-түйіндер жасалды. Бұл тұрғыда атыраулық ақын Шалқарбай Ізбасаров пен ақтөбелік жыр сүлейі Марат Ахметовтың толғауға татырлықтай ойлы шумақтары көрермендердің көңілінен шыққаны анық байқалды.
Данышпан ақын: Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй деп төгілдіре жырлаған емес пе еді. Ақтөбе облысының филармониясы ұйымдастырған концертте әсем ән де, тәтті күй де, тіпті бұған қоса мың бұралған би де бір-бірімен алмасып құлақтардың құрышын қандыра түсті. Ахмет Жұбановтың кіші отанында домбыра құлағында шебер ойнай алатын жасөспірімдер де осы айтыс-концертте өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, домбырамен тартылып жүрген Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» және « Байжұма» күйлерін сырнай тартысқа түсіріп, тартқан кезде де көрермендердің делебесі қозып дүркін-дүркін қол шапалақтап отырды. Бірінен-бірі шеберлігі аса түскен өнер сайысында ұлттық рухымыздың жалауы биікке көтеріле түскендей сәт еді бұл.
Халықтың ежелгі музыка аспаптарының бірі ұрмалы аспап дауылпаз десек, оның жауынгерлік рух пен жоғары пафосқа толы күмбірлеген үні де жүректерді шымырлата түскендей әсер қалдырды. Дауылпазшылар Нұрсұлтан Жетпісбаев пен Мейірбек Мәденовтер ежелгі ұрмалы аспапты кезектесе ұрғанда зал іші теңіздей тербеліп кетті. Міне, осылайша Абай атамыздың мерейлі датасына арналған әсем әндерді дәстүрлі әншілер Гүлназира Сағынғанова мен Әділет Күзембаев және Нұрлан Әбдібеков пен Динара Шынарбаевалар әуелетіп алып кетті. Кеш соңында филармония директоры Елубай Кенжалиев Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған Ақтөбедегі айрықша концерт осы мерейлі датаға қосылған бір тамшы үлес екенін атап көрсетті.
АҚТӨБЕ
Суретте: Айтыс-концерттен көрініс
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар