Аталмыш гаджет қазір патенттелу үстінде. Бұл құралдың ішінде процессоры бар арнайы модуль болады. Модульда ақпарат сақтайтын құрылғы, батарея блогы және мәлімет алмасатын таратқыш орналасады. Оған қоса маска ауаны фильтрден өткізіп тазалайды.
Ластанған ауаның мөлшерін анықтап, пайдаланушы қанша уақыт масканы киіп жүргенін көрсетіп тұрады. Масканы қолданба арқылы смартфоннан бақылай аласыз. Яғни, ауаның құрамын қадағалап, ақпараттарды салыстырып отыруға мүмкіндік болады.
Маскада адамның қалай және қандай ауамен дем алғаны немесе қанша уақыт қозғалыста болғаны сияқты факторларды тіркейтін бірнеше гироскоп пен датчик жұмыс істейді. Осы мәліметтер негізінде қолданбадан қандай ауамен дем алып жүргеніңіз, оның зияны және маска қаншалықты пайдалы болып жатқаны туралы біле аласыз.
Әзірге гаджет туралы релиз болмағандықтан оның бағасы мен басқадай техникалық сипаттамаларын айтудың реті жоқ. Сол себепті де құлағымыз түрік жүрсе, жақын болашақта бұл маска туралы жаңалықтардан толық ақпарат алатын боламыз.