Қоғам • 19 Ақпан, 2020

«Яндексте» Алматыдағы көлік қозғалысын бақылауға болады

397 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Яндекс.Карталар» Алматыдағы қалалық автобустар мен троллейбустардың қозғалысын көрсете бастады. Енді алматылықтар қоғамдық көліктің қайда келе жатқанын және қанша уақытта жететінін оңай білетін болады. Әрі қолайсыз ауа-райында автобусты аялдамада күтпей-ақ, дәл келіп жеткен кезде шыға салуға болады.

«Яндексте» Алматыдағы көлік қозғалысын бақылауға болады

Автобустардың қозғалысын бақылау үшін, көліктің бейнелеуін қосу керек – мұны Карталардың веб-нұсқасында және мобильді қосымшада жасауға болады. Yandex.kz/maps-тың веб-нұсқасында қазақ тілі бар, оны таңдау үшін төменгі оң жақ бұрыштағы белгіні басу жеткілікті.

Қазір Яндекс Алматы қаласының барлық бағыттарын - 127 автобус пен 8 троллейбусты көрсетеді. Қосымшада олар арнайы белгілермен белгіленеді. Картадан сіз көліктің қай жерде келе жатқанын нақты уақыт тәртіптемесі бойынша көре аласыз, ал егер сіз аялдама белгісін бассаңыз, онда ол қанша минутта жететіндігін көресіз. Ақпарат әр 30 секунд сайын жаңартылады, бірақ болжау алгоритмінің арқасында белгі бірқалыпты жылжиды.

«Қазақстанда Яндекс белсенді дамып келеді. Алматы – нақты уақыт бойынша  көлікті бейнелеуді енгізген үшінші қала. Бұл бағытта компанияға «Бизнес-шешімдер» ЖШС, «Алматы қалалық көліктік холдингі» ЖШС және «Алматы қаласының тұрақты көлігі» ЖШС қолдау көрсетіп отыр. Олар автобустар мен троллейбустардың қозғалысы туралы мәліметтер береді» деп атап өткен Қазақстандағы Яндекс аймақтық директоры Артём Борисов аялдама белгісін басқанда, «Яндекс.Карталары» арқылы өтетін барлық көлік нөмірлерінің тізімі көрсетілетіндігін түсіндірді. Қосымшаны қолдану арқылы, баратын бағытты жоспарлап алуға болады. Бұл бейтаныс аймақтан қалай шығуға әрі қаланың басқа бөлігіндегі маңға қалай жетуге болатынын білу үшін қажет. Қазіргі кезде «Яндекс.Карталары» Алматыдан өзге  Нұр-Сұлтан мен Шымкентте көлік қозғалысын көрсетеді. Әлем бойынша Ресейде, Беларуссияда, Өзбекстанда және басқа елдерде осындай 90-нан астам қала бар.

 

АЛМАТЫ