Әбіш Кекiлбайұлы Маңғыстау облысының Оңды ауылында дүниеге келген. Мектепте оқып жүрген кезiнен бастап-ақ әдебиетпен айналыса бастаған. Қазақ мемлекеттiк университетiн бiтiре салысымен (1962ж.) «Лениншiл жас» (қазiргi «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиетi» газеттерiнде әдеби қызметкер, бөлiм меңгерушiсi болып iстедi.

1964-1968 жылдары республика Мәдениет министрлiгiнде репертуарлық-редакциялық коллегия мүшесi, 1970-1975 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор қызметiн атқарды.
1975-1984 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң мәдениет бөлiмiнде нұсқаушы, сектор меңгерушiсi, 1984-1986 жылдары республика Мәдениет министрiнiң орынбасары болды. 1986-1988 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екiншi хатшысы, ал 1988-1990 жылдары Қазақ КСР Тарихи және мәдени ескерткiштердi қорғау орталық кеңесi президиумының төрағасы қызметтерiн атқарды.
Ә.Кекiлбайұлы 1990 жылы республика Жоғарғы Кеңесiнiң депутаттығына сайланып, осындағы Мәдениет, тiл және ұлтаралық қатынастарды дамыту комитетiнiң төрағасы болды. Ал 1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетiнiң бас редакторы қызметiн атқарды. Осыдан соң 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң төрағасы, 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы болды. 2002 жылдың ақпанынан Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты.
Әбiш Кекiлбайұлы – көрнектi қоғам және мемлекет қайраткерi. Қазақстанның халық жазушысы, ол Мемлекеттiк сыйлықтың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң
«Бейбiтшiлiк және рухани келiсiм» сыйлығының лауреаты. «Отан», Құрмет Белгiсi ордендерiмен марапатталған.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар