Хоккей • 19 Ақпан, 2020

Шайбалы хоккей: «Сарыарқаның» қарсыласы анықталды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғарғы хоккей лигасы (ЖХЛ) командалары арасында плей-оффқа шыққандар бірте-бірте анықталуда. Таяу күндері олар Петров кубогы үшін жарысты бастайды.

Шайбалы хоккей: «Сарыарқаның» қарсыласы анықталды

Тұрақты біріншіліктің екінші конференциясында 71 ұпаймен бесінші орын алған Қарағандының «Сарыарқасы» Петров кубогы жолындағы жарыстың алғашқы кезеңінде Санкт-Петербургтің СКА-Невасымен күш сынасады. Нева жағалауының өкілдері 86 ұпаймен бірінші конференцияда төртінші орынға тұрақтаған болатын.

Келесі кезеңге өту үшін осы командалардың бірі төрт рет жеңіске жетуге тиіс. Бұл бәсекелер 22, 23, 26 және 27 ақпанда өтеді. Сол аралықта жеңімпаз команда анықталмаса, 1, 4 және 7 наурызда олар қайта күш сынасады.