Елбасы • 19 Ақпан, 2020

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Е.Досаевты қабылдады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Е.Досаевты қабылдады

Ұлттық банктің төрағасы Елбасына 2020 жылдың қаңтарында ақша-несие саясатын жүзеге асыру, елдің алтынвалюта активтері мен Ұлттық қордың ахуалы туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар кездесу барысында Е.Досаев «Бес әлеуметтік бастама» аясындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтты. Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру тақырыбы қозғалды.