Іс-шара спорттың 8 түрі бойынша ұйымдастырылады: Шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, шайбалы хоккей, белбеу күресі, қысқы шағын футбол, арқан тартыс және мотоспорт.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр топтағы жеңімпаздар дистанцияны бағындыруға жұмсалған ең аз уақыт бойынша анықталады.
Жарыс нәтижесі бойынша 1, 2, 3-орын алған жүлдегерлер диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жарысқа қатысуға денсаулығы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ барлық адамдар жіберіледі. Тіркеуден өту кезінде жеке басын куәландыратын құжат қажет.
Сонымен қатар жарысқа қатысушылардың жеке спорттық құрал-жабдықтары болуы тиіс. Болмаған жағдайда аумақта шаңғыларды жалға беру орындары жұмыс істейді, бірақ олардың саны шектеулі. Фестиваль сағат 11:00-де шаңғы трассасында (Astana Park Hotel) басталады.