Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева электр энергетикасы саласының жұмысы мен халықты электрмен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Жүздесуге Сенат депутаттары, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері, сондай-ақ «KEGOC», «Самұрық-Энерго» және «Астана АЭК» акционерлік қоғамдарының басшылары қатысты.
Сенат Төрағасы кездесудің маңызына тоқтала келіп, өткен жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында электр энергиясы бірнеше мәрте өшіп қалғанын еске салды.
«Қаланың бір бөлігі электр жарығынсыз қалды, оның себебін білу әрі түсіну үшін мемлекеттік уәкілетті органдарды тыңдағымыз келеді. Сол жағалаудың коммуникациялары мен инфрақұрылымы жақында салынған, оларды көнерді немесе апатты жағдайда деп айтуға болмайды», - деді ол.
«Астана АЭК» Басқарма төрағасы Серік Балқышев өз баяндамасында тұтынушыларды электрмен жабдықтаудағы ұзақ үзілістерге душар еткен ақауларға мониторинг нәтижелері иесіз желілер мен қосалқы трансформаторлық станциялар негізгі себеп екенін айтты. «Астана АЭК» басшысының ақпараты бойынша, құрылыс компаниялары көп пәтерлі тұрғын үй кешендерін пайдалануға бергеннен кейін үй ішіндегі инженерлік коммуникацияларды қызмет көрсететін компанияларға тапсырады.
«Сыртқы электр желілері иесіз қалады, оларға тиісті қызмет көрсетілмейді әрі күзетілмейді, соның нәтижесінде қосалқы станциялардың жабдықтары бұзылады әрі істен шығады. Мұндай желілердегі апаттар тұрғын үй кешендеріне электр беруде үзілістерге душар етеді, ол тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріне, әсіресе жылыту кезеңінде өте қолайсыз әсер етеді. Қазіргі уақытта сыртқы инженерлік желілерді мамандандырылған қызмет көрсететін ұйымдарға беру мәселесі нормативтік-құқықтық актілермен реттелмей келеді», деді ол.
Сенат депутаттары талқыға белсенді қатысты. Сенатор Серік Жақсыбеков техникалық шарттарды беру рәсімдері мен салалық ережеде бір желіде апатты жағдай болғанда басқа желіге ауыстыру шараларының болуы туралы сұрақ қойды.
Дариға Назарбаева талқылау барысында иесіз жаңа желілердің пайда болуының алдын алу мәселесіне ерекше назар аударды. «Қазір бұл басты міндет, әйтпесе ол жұмыс ешқашан аяқталмайды. Кәсіпкерлік кодексті қарауға аса мұқият оралуымыз керек, өйткені біз қандай мәселелерді қарастырсақ та, бақылаудың жоқтығы проблемасына ұдайы тап боламыз, тиісінше мемлекет сапаға жауап бере алмай отыр. Жалпы алғанда, технологиялық тізбектің бәрі тиімсіз болып шығады, ол кез келген уақытта адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіруі мүмкін», деп атап өтті Д.Назарбаева.
Саладағы жағдайға депутат Мұхтар Құл-Мұхаммед те түсініктеме берді. «Аймақтарда жұмыс істегендер бұл мәселелердің қалай пайда болғанын жақсы біледі. Инвестор келеді-дағы бүкіл аймақтық желіні меншікке сатып алады, әйтсе де оған ақша салуға өзінің мүмкіндігі болмайды, әкімдіктердің де қолынан келмейді, өйткені олардың меншігі емес, осындай жағдайда иесіз желілер пайда болады», - деді М.Құл-Мұхаммед.
Д.Назарбаева өз кезегінде электр энергетикасы саласын әкімшілендірудегі сапаның төмендігіне назар аударды. «Бақылау жоқ, кәсіпорын заң мен нормативтік-құқықтық актілерді адал орындауы үшін мониторинг жасау керек. Реттеу құрамы да жоқ. Шығындар бәріміздің қалтамыздан төленеді, есеп-шот келген кезде ойланбастан төлей саламыз. Әр үй, әр отбасы осы есеп-шоттарды төлеп келеді. Инвестициялық тарифтерді көтеруге де келісіп отырмыз, дегенмен инвестицияларға жүйелі бақылау да, олардың қайтымы мен тиімділігі де жоқ», деп атап өтті Д.Назарбаева.
Сенат басшысы сонымен қатар біздің еліміздегі көмір мен газды пайдалану мәселесін де көтерді. «Біздің маңызды сауалымыз – көмір шахталары не болады? Мемлекет қазіргі кезде экспортқа шығатын газдан жақсы дивидендтер тауып отыр. Ішкі нарықта пайдалану кезінде көмір мен газ арасында тепе-теңдік болуы тиіс және көмірге негізделген энергетика экологиялық таза болуы әрі қарай да пайда әкелуі, ал көмір шахталарындағы жұмысшылар жұмысын жоғалтпауы үшін көмір бар жерде қазіргі заманғы жаңа технологияларды енгізу қажет. Бұл үлкен мәселе, бірақ ол еш жерде көтерілмей келеді», деді Д.Назарбаева.
Сенат Төрағасы кездесуді қорытындылай келіп, айтылған барлық ұсыныстардың жинақталатынын және олар бойынша үнемі жұмыс жүргізілетінін атап өтті.
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар