Медицина • 19 Ақпан, 2020

Қолданыстағы Денсаулық кодексіне осы күнге дейін 80-нен астам өзгеріс енгізілген

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2009 жылы қабылданған қазіргі қолданыстағы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске осы күнге дейін 80-нен астам өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. 

Қолданыстағы Денсаулық кодексіне осы күнге дейін 80-нен астам өзгеріс енгізілген

Бұл туралы «Ашық алаң» бағдарламасының тікелей эфирінде Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті директорының орынбасары Дінмұхамед Қылышпаев айтты.

Оның айтуынша, қазір Мәжілісте қарастырылып жатқан Денсаулық кодексінің жобасы осы құжаттың орнын басатын жаңа Кодекс болады.

«2009 жылға дейін денсаулық сақтау саласын 11 заң реттеген. 2009 жылы Денсаулық кодексі қабылданғаннан кейін бұл заңдар күшін жойды. Бұл Кодекске осы уақытқа дейін сексеннен астам өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Ал қазіргі қарастырылып жатқан заң жобасы – жаңа құжат», деді ол.