Әлем • 20 Ақпан, 2020

Өзбекстан Президенті Түркия Республикасына ресми сапармен барды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Бұл туралы Өзбекстан Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Өзбекстан Президенті Түркия Республикасына ресми сапармен барды

Түркия астанасы Анкараға келген Өзбекстан Президентін Реджеп Тайып Эрдоган Президент сарайында қарсы алды. Өзбек елі басшысының сапары 20 ақпанға дейін жалғасады.

Екі елдің көшбасшылары Түркия-Өзбекстан жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысына қатысады. Президенттер саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржылық, көлік-коммуникациялық, білім беру, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылайды.

Сондай-ақ Мирзиёевтің Түркияның кәсіпкерлік орта өкілдерімен кездесуі және Түркия Президенті Әкімшілігі жанындағы Ұлттық кітапхананың салтанатты ашылу рәсіміне қатысу жоспарланған.

Шавкат Мирзиёевтің Түркияға бұған дейінгі сапары 2017 жылдың қазан айының соңында, ал Реджеп Ердоған Өзбекстан Республикасына 2018 жылдың сәуірінде болған еді.

Айта кету керек, Өзбекстан Республикасы 2019 жылы 15 қазанда Бакуде өткен Түркі Кеңесінің 7-саммитінде аталған ұйымның толыққанды мүшесі болды.