14 Тамыз, 2013

«Абай оқулары» Мәскеуде де дәстүрге айналады

365 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мәскеу қазақтары мен Қазақстан елшілігінің қызметкерлері жыл сайын қазақтың ұлы ақыны Абайдың туған күні Мәскеудің «Чистые пруды» саябағындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, кемеңгер бабамызға бас иіп қайтуды дәстүрге айналдырған. Биыл да 10 тамыз күні Қазақстан елшілігінің қолдауымен «Қазақ тілі» және «Мұрагер» қоғамдары ұйымдастырған «Абай оқулары» деп аталатын поэзия кешіне арнайы шақырылған қонақтар: белгілі ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері, диаспора өкілдері, елшіліктің қызметкерлері алдымен Абай ескерткішіне гүл қойып құрмет көрсетті. Қонақтар атынан Жазушылар одақтарының халықаралық қауымдастығы атқару комитетінің мүшесі Иван Сабило сөз алып, жиналғандарды ұлы ақынның туған күнімен құттықтады.

IMG 20130810 112249

– Абай – тек қазақ халқының ғана мақтанышы емес, күллі адамзатқа ортақ, ұлы тұлға, әсіресе, орыс пен қазақ халықтарының арасында достық байланыстың түзілуін үндеген, соған дәнекер болған жан, – деді ол. – Екі ел арасындағы әдеби байланыстардың бастауы болған да Абай. Оның философиялық дана ойлары, жау­һар жырлары – әлем халқына ортақ асыл қазына. Сондықтан, Абайдың туған күні бәрімізге ортақ мереке.

Мереке одан әрі елшіліктің «Баспасөз орталығында» жалғасты. «Абай оқулары» поэзия кешін Қазақстан елшілігінің кеңесші-өкілі Виктор Темірбаев қысқаша сөз сөйлеп ашты.

– Мәскеуде алғашқы рет өткі­зіл­гелі отырған «Абай оқулары» поэзия кешінің екі ел арасындағы мәдени, достық байланысқа тигізер әсері мол. Осы поэзия кешін және Абай атамыздың туған күнін жыл сайын Мәскеуде өткізіп тұруды дәстүрге айналдырғымыз келеді, – деді ол. Мұнан соң В.Темірбаев елші Ғалым Оразбақовтың атына жолданған Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалиннің алғыс хатын оқып берді.

Белгілі ақын жазушылар – Ва­лерий Поволяев, Михаил Синель­ников, Людмила Щипахина, Глан Онанян, Вячеслав Самошкин, Станислав Шилов, қонақтар арасынан «Ресей-Грузия» қоғамының президенті Владимир Хомерики, ұлы Абай жайлы тебірене сөйлеп, мұнан бұлай да «Абай оқулары» жыр кешінің дәстүрге айналуына атсалысатындарын айтты.

Баспагер Вячеслав Самошкин өздері шығаратын «Диалог морей» журналының алдағы жаңа санында Абай жайлы мақала және Абай жырлары берілетінінен хабардар етті.

Жиынға қатысушылар ақын Абайдың өлеңдерін қазақ-орыс тілінде алма-кезек оқыса, композитор Абайдың әсем әндерін орындау­шылар да аз болған жоқ.

Тұрсынай ОРАЗБАЕВА.

МӘСКЕУ.

Соңғы жаңалықтар