Аймақтар • 20 Ақпан, 2020

Ауыр атлетика: Азияның үздігі – Рахат Бекболат

28 реткөрсетілді

Күні кеше ғана Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте жасөспірімдер мен жастар арасында өткен Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы 14 (9 алтын+2 күміс+3 қола) жүлде алып, өз жанкүйерлерін қуантты.  

Айтулы жарыстың қорытындысы бойынша 16 жастағы қазақстандық жас спортшы Рахат Бекболат Азияның ең үздік ауыр атлеті атанып, оған арнайы сыйлық табыс етілді.

Расында да 102 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сыр бойы сайыпқыранының табысына таңданбау мүмкін емес. Сары құрлықтың ең мықты деген жас өрендері бас қосқан жарыста ол өзі құрыптас жасөспірімдер арасында ғана топ жарып қоймай, жастар буыны арасындағы додада да дараланды. Яғни, өзінен үш-төрт жас үлкен спортшыларға сан соқтырды.

Нәтижесінде Рахат қоссайыстың қорытындысында 356 (158+198) кило салмақты еңсеріп, қос алтын медальді иеленді. Сонымен қатар, қазақтың ұлы жоғарыда айтылған жас ерекшеліктері бойынша әлемдік рекордты жаңартты. Құтты, болсын, Рахат!  

 

Соңғы жаңалықтар

Жетісайлық жомарт жандар

Аймақтар • Бүгін, 19:53

Індеттің атауында қандай мән бар?

Коронавирус • Бүгін, 19:46

Түркістанда құрылыс тоқтамайды

Аймақтар • Бүгін, 19:23

Ишан бағы қайта қалпына келеді

Руханият • Бүгін, 18:48

? (Сұрақ белгісі) Поэма

Әдебиет • Бүгін, 16:23

Цензурасыз Абай

Руханият • Бүгін, 14:34

БҚО: 108 мың оқушы қашықтан оқиды

Аймақтар • Бүгін, 13:23

Қызылорда: Бір аптаның баяны

Аймақтар • Бүгін, 12:52

Ұқсас жаңалықтар