Спорт • 20 Ақпан, 2020

Футбол: Қазақстан ФИФА рейтингіндегі орнын сақтап қалды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми сайтында футболдан ұлттық құрамалардың ақпан айына арналған рейтингі жарияланды. 2020 жылдың алғашқы рейтингінде Қазақстан 118-орынмен бастады. Өткен жылы да Қазақстан 118-сатыда болатын.

Футбол: Қазақстан ФИФА рейтингіндегі орнын сақтап қалды

Жалпы жыл басындағы рейтингте аса қатты өзгеріс жоқ. Рейтингтің көшін әдеттегідей 1765 ұпаймен Бельгия құрамасы бастап тұр. 2018 жылғы әлем чемпиондары – Франция (1733) екінші, Америка кубогының иегері Бразилия (1712) үздік үштікті қорытындылап тұр.

Қазақстан құрамасы алдағы наурыз айында екі жолдастық кездесу өткізеді. Алматыдағы оқу-жаттығу жиыны аясында жерлестеріміз 27 наурыз күні Орталық стадионда Литва құрамасымен, 30 наурызда Армения футболшыларына қарсы ойнайды.