Әскери бөлімнің кіші сержанты, кезекшінің көмекшісі А.Балғынбайдың қашып кеткені таңертеңгі сағат 7-де белгілі болған. Түс қайта Қорғаныс министрлігі осыған қатысты ресми ақпарат таратты. Онда кіші сержант А.Балғынбайдың кезекшілік ауысымы кезінде өз бетінше әскери бөлімді тастап кеткені, осыдан кейін бөлімде қару-жарақтың жетіспейтіндігі белгілі болғаны көрсетілген. Ақпаратта, сондай-ақ күштік құрылымдар мен әскери полицияның қажетті шұғыл-іздестіру және қауіпсіздік шараларын жүргізіп жатқаны жазылған еді.
Ішкі істер министрлігі мен ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы қашқын сарбазды көп ұзатпай ұстады. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүріп жатыр.
Түркістан облысы