Қоғам • 21 Ақпан, 2020

Құрылысты аяқтауға кепілдік бар

145 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық коммуникация қызметінің баспасөз мәслихатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша холдингтің 2019 жылғы қызметінің қорытындылары туралы ақпарат берді.

Құрылысты аяқтауға кепілдік бар

 

«Әкімдіктердің облигацияларын сатып алу тетігі арқылы кре­диттік тұрғын үй салу бағыты бойынша 108,8 млрд теңгеге бағалы қағаздар сатып алынды. Осы қаражат есебінен әкімдіктер Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі­нің (холдингтің еншілес ұйы­мы) салымшыларына және «7-20-25» бағдарламасының қа­ты­­су­шыларына белгіленген баға­мен 10,6 мың кредиттік пәтер­ді тап­сырды. Биыл әкім­­діктерді 101,2 млрд тең­геге қаржыландыру жоспарлан­ған, бұл шамамен 10,4 мың пәтер. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйе­сінің бағыты бойынша 2019 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғындарға 527 млрд теңгеге 50,3 мың жеңіл­детілген қарыз берді, соның 67 млрд теңгесіне 8,6 мың қарыз «Нұрлы жер» мем­ле­кет­тік бағдарламасы шеңберінде беріл­ді. Бұл қарыздар мем­ле­кет­тік бағ­дарламаға қатысушыларға жылдық 5%-бен, 20% бастапқы жарнамен берілген. Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесінде 1,6 млн шарт бар, жинақ сомасы 806 млрд теңгені құрады. Банк теңгемен ұзақ­мерзімді салымдар бойынша бірінші орында. Сонымен қатар, өткен жылдың шілдесінен бастап аз қамтылған отбасылар үшін 20 жылға дейін жылдық 2%-бен жеңілдетілген ипотекалық кредит беру «Бақытты отбасы» бағ­дар­ламасы арқылы жүзеге асырылуда. Рес­публикалық бюджеттен 50 млрд теңге бөлінді. Тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкіне 51,7 млрд теңге жалпы сомасына 5,2 мың өтінім келіп түсті, соның 50 млрд теңгесіне 5 мың өтіні­м мақұлданды. Биылдан бастап Мемлекет басшы­сының тапсырмасына сәйкес жыл сайынғы беру жоспары 10 мың қарызды құрайды. Тұрғын үй құры­лысына кепілдік беру қоры (хол­дингтің еншілес ұйымы) 71,4 млрд теңгеге жоспарлап, 88,8 млрд теңге жалпы сомасына жобаларды мақұлдады. Бұл ком­­­мерциялық нарықта 6 мың пә­­тер сатып алу үшін халық­тың са­­лымдарын қорғауға мүмкін­дік берді. Биыл 90 млрд теңгеден астам сомаға құ­ры­­­­лысты аяқтауға кепілдік беру жос­­парлануда», деді Ә.Омар­қо­жаев.

Сонымен қатар ол жеке құры­лыс салушыларға кредиттерді субсидиялау бағыты бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қо­ры субсидиялау үшін жалпы сомасы 49,6 млрд теңге болатын 47 жобаға қол қойғанын атап өтті.

«Құрылыс компаниялары үшін коммерциялық кредиттер құны орта есеппен 50% арзандады. Сонымен бірге салынған тұрғын үйдің жартысы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің са­лым­шыларына, «7-20-25» бағ­дар­ламасына қатысушыларға және коммерциялық банктерге белгіленген бағамен сатылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыс істеп тұрған операторлар саны екіге дейін азаяды – холдингтің тұр­ғын үй блогы Тұрғын үй құры­лыс жинақ банкінен алынған қа­рыз­дар арқылы жұмыс істейтін аза­маттардың сұранысын ынталандырады және Бірыңғай оператор функциялары арқылы тұрғын үй салу бойынша ұсынысты қамтамасыз етеді», деді ол.