Теннис • 21 Ақпан, 2020

Екі теннисшіміз де ширек финалға шықты

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстанның ерлер және қыздар арасында бірінші ракеткасы Александр Бублик пен Елена Рыбакина өздері қатысып жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Екі теннисшіміз де ширек финалға шықты

Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан Open 13 Provence турнирінде 22 жастағы Бублик ATP рейтингінде 20-орында тұрған жергілікті спортшы Бенуа Пэрамен күш сынасып, үш сетке созылған бәсекеде 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді отандасымыз жартылай финалда өнер көрсету үшін Марин Чилич (Хорватия) пен Денис Шаповалов (Канада) жұбының жеңімпазымен сынға түседі.

Ал Дубайда өтіп жатқан WTA Premier турнирінің іріктеу кезеңінде Елена Рыбакина чехиялық Катарина Синяковамен шеберлік сынасты. Бір сағатқа созылған кездесуде Рыбакина қарсыласын екі сетте 6:3, 6:3 нәтижесімен қапы қалдырды. Отандасымыз ширек финалда тағы бір чехиялық спортшы Каролина Плишковамен жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады.

 

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20