Спорт • 22 Ақпан, 2020

Дзюдо: Алғашқы күні жүлде бұйырмады

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Дюссельдорф қаласындадзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алғашқы күні Қазақстан құрамасына жүлде бұйырмады.

 

Дзюдо: Алғашқы күні жүлде бұйырмады

Бұған дейін біз Анна Казюлина (52 кило), Мағжан Шәмшиддин мен Дәурен Сүйеукеновтің (60 кило) алғашқы айналымдарды сәтсіздікке ұшырағандары жайында жазған едік. Содан кейін барлық үмітіміз әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Ерлан Серікжановта еді. Алайда оның да жолы болмады.

66 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан қандасымыз бастапқы бәсекелерде Халықаралық дзюдо федерациясының туы астында өнер көрсеткен Зиад Аун пен үндістандық Санун Сингхке сан соқтырды. Одан кейін грузиялық Ваша Маргвелашвилимен күш сынасты. Әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері, Еуропаның үш дүркін чемпионына қарсы бәсекеде Ерлан барын салғанымен жеңіс қарсыласының уысында кетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы алғашқы жарыс күні жүлдесіз қалды.