Аймақтар • 22 Ақпан, 2020

Ресей түрік инвесторларына тиесілі Ақтау әуежайына көз тігіп отыр

565 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Басылымның хабарлауынша, компания Қазақстаннан әуежай сатып алу мүмкіндігінқарастырып жатыр.

«Өңірлердің әуежайы» атты ресейлік холдинг Ақтау халықаралық әуежайын сатып алғысыкеледі. Бұл туралы «Шығыс және ОрталықЕуропаның экономикасына шолу» ақпараттықпорталы хабарлады. 

Ресей түрік инвесторларына тиесілі Ақтау әуежайына көз тігіп отыр

Бұл холдинг олигарх Виктор Вексельбергтің«Ренова» компаниясына кіреді және Ресейдіңалдыңғы қатарлы әуежай холдингі саналады. Басылымның хабарлауынша, компания Қазақстаннан әуежай сатып алу мүмкіндігінқарастырып жатыр. Атап айтқанда, олар қазіргітаңда түрік инвесторларына тиесілі Ақтаухалықаралық әуежайына көз тігіп отыр.

«Өзбекстан бойынша әуежай алу мүмкіндігі әліқарастырылып жатыр. «Новапорт» атты тағы бірРесей холдингі Самарқанд, Наманган, Үргенішәуежайларын басқаруға және реконструкция жүргізуге алатынын жариялады»,  деп жазадыбасылым.

Автордың айтуынша, осылайша Ресей ОрталықАзия әуежайларына қызығушылық танытабастаған.

Осыған дейін TAV Airports әуежайлар операторы Алматы халықаралық әуежайы басшылығымен бірге қазақстандық әуе кеңістігін сатып алу мәселесін талқылаған болатын.

«Groupe ADP компаниясының ( оған TAV Airports акцияларының 46,12%-ы тиесілі) мәліметтеріне сүйенсек, қос тарап жақын арада келісімге келуі мүмкін»  деген хабарды қазақстандық басылымдардың барлығы дерлік таратқан.

  «Қазақстанның қаржылық орталығындағы Алматы халықаралық әуежайы - Орта Азиядағы ірі әуежай болып табылады. 2018 жылы ол 6 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Оның ішінде жолаушылардың жартысы халықаралық бағыттар бойынша сапарға шыққандар. Қазақстан теңізге шықпайтын әлемдегі ең үлкен ел. Ол Орта Азияда ішкі жалпы өнім өсімінің 60%-ын құрайтын экономикалық даму драйвері. Осы әуежайды сатып алу Groupe ADP пен  TAV Airports даму жоспарына сәйкес келеді»,-деп хабарлады Groupe ADP. 

Groupe ADP – әуежайларды басқаратын, дамытатын компания.

Аталған холдинг құрамына Paris-Charles de Gaulle, Paris-Orly және Paris-Le Bourget әуежайлары кіреді. 2018 жылы Groupe ADP француз әуе кеңістігі арқылы 105 млн жолаушыға, өзге әуе кеңістіктері арқылы 176 млн адамға қызмет көрсеткен.