ENRS компаниясының өткен жылды қорытындылауы Наурыз мейрамымен тұспа- тұс келіп отыр. Жақсы істер жаршысы мен жаңа жобаларды бастау үшін таптырмас ең сәтті кезең екенін есепке алсақ, бұл көңілге қуаныш ұялататын жағдай.
2009 жылдың қорытынды құжатын сараптай отырып, негізгі көрсеткіштердің жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан жағымды байқалымына куә болсақ, бұл көрсеткіштер оған қоса компанияның нақты және кемел болашағына деген сенімді ұлғайта түсіп отыр.
Біріншіден, Топтың табысты менеджменті, шындығында да жаһандық экономикалық қатерлерге қарсы жедел жұмыс жасап қана қоймай, нәтижелі жауап бере алды. Рекордтық қысқа уақытта кәсіпорындар барлық мүмкіндіктерін көрсете алды. Өнім өндірісін реттеуге байланысты қабылданған шараларды қоса алсақ, шығынды азайту және ұжымды сақтап қалуға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарлама сәйкесінше нәтижесін беріп те үлгерді. Өндірістік есепте жаһандық сипаттағы экономикалық мәселелер әсерінен болған ENRS компаниясындағы уақытша қиындықтарды жеңіп, оны алға басуға әсер еткен фактілер жиі кездесетінін атап өтсек дейміз. Негізгі көрсеткіштер жаһандық экономикалық апаттарға қарамастан, тұрақты күйінде қалып, алғашқы жартыжылдықпен салыстырғанда екінші жартыжылдықта өндіріс көлемі толықтай қалпына келтірілгендігін байқауға болады. Өнім өндірісі жөніндегі есептік сандарды нақтылай түссек, ферроқорытпа, темір рудасы өнімдері мен көмір бойынша олар 2008 жылмен салыстырғанда тұрақты екендігі көзге анық байқалады. Ал алюминий және электр энергиясының көрсеткіштері өте жоғары деңгейде.
Екіншіден, Топ басшылығы 2009 жылдың қиын жағдайларында басым бағытты қызметкерлердің жағдайына арнап, соларды сақтап қалуға тырысты. Бір де бір қызмет орнын қысқартпастан, сондай-ақ, меморандумдарға сәйкес әлеуметтік жауапкершілік (3,7 млрд. теңге), тұрғын үй бағдарламасы бойынша міндеттемелерді толықтай жүзеге асырды. Бірнеше мыңдаған ұжым бұл шараны ең жоғарғы дивиденд екендігін кепілдендіретін команияның негізгі активі деп сенімділікпен айтты.
Компанияның болашағын сараптауда негізгі дәлел ретінде түрлі салаларға жұмсалған нақты шығынды келтіруге болады. Өткен қорытынды жылда компанияның бұл көрсеткіші 1 147 млн. АҚШ долларын құрады. Орташа мерзімді уақытқа арналған корпоративтік бағдарламаның жалпы құны 5,8 млрд. доллар болды. Мұның ішінде жүзеге асырылып жатқан жобалар ғана емес, сонымен қатар жоспарда тұрғандары да бар. Қаржының 1,5 млрд. теңгесі 2010 жылдың еншісіне тиесілі. Бұл көрсеткіштердің компанияның стратегиялық дамуының жақсы жолда екендігін куәландыратын өзге де сандар секілді сенімді екендігінде дау жоқ. Аталмыш жобалар тек компания үшін ғана емес, қазақстандық экономика үшін де маңызды жобалар десек, артық айтқандық емес. Бірнеше инвестициялық жобалардың табысты басталуы корпорацияның жалпы қаржылық жағдайын жақсарта түсті. Алдыңғы кезекте Ақтөбедегі 440 мың тонналық қуатпен ферроқорытпа зауытының 4 қорытпа цехы құрылысының басталуын айтуға болады. Оның үлкен маңызы бар екендігі туралы Елбасының өзі де ерекше атап айтқан болатын. Тәуелсіз сарапшылар еліміздегі электролиз зауыты құрылысының екінші кезеңінің басталуын Қазақстанның алюминий өндірісіндегі жаңа дәуір деп атап өтті. Оның технологиялық құрамына анод өндірісі цехы да кіреді (Цехтың іске қосылуы 2011 жылға жоспарланып отыр). Оған қоса, нақты шығындар жоспарына сәйкес, 2011 жылға қарай глинозем өндірісін 300 мың тоннаға кеңейту көзделуде. Жоба құны – 305 млн. АҚШ долларын құрайды. Ақсу ЭЭС энергетика бөлімшесінде 325 мегаваттық қуаты бар ІІ энергоблоктың құрылысы жоспарлануда. Жоба құны 230 млн. доллар, ал қолданысқа беру мерзімі – 2011 жыл. Сондай-ақ, алтыншы энергоблок қайта жөндеуден өткізілмек. (Құны - 230 млн. АҚШ доллары, аяқталу мерзімі – 2012 жыл.) ENRS-тің жаңа сегменті, өзге де түрлі-түсті металдар бөлімшелерінде мыс пен кобальтты өндіруді кеңейту жоспарланып отыр.
Үшіншіден, тәуелсіз сарапшылардың мойындауынша, өткен жыл ENRS компаниясы корпоративтік стратегияны дұрыс қолданған. Стратегия актив портфелінің тұрақты кеңеюіне, атап айтсақ, компанияның өндіру саласы бойынша әлемде және аймақта жұмыс істеуіне, өндіріс қуатын жаңаландыруға, төмен шығынды өндірісті қолдауға, қосымша құнның құрылуына, өнім түрлерінің көбеюіне бағытталды. Үлгіге ENRS стратегиялық курсының өзгеріссіздігін және жалғастылығын бейнелейтін сатып алу – САМЕС тау-кен өндірісі компаниясының қыркүйек айындағы келісімшартын алуға болады. Бұл компанияның активтері Африкада орналасқан. Оған қоса әлеуеті күшті деп болжануда. Ол келісімшарт жақын уақытта қазақстандық бизнестің әлемдік металлургиялық рыноктағы бағыттарын бекіте түседі. Шындығында да сатып алынған жаңа активтер ENRS пен Қазақстанның 2009 жылғы трансұлттық индустриядағы қиын жағдайларға қарамастан, әлемге өз мықтылықтарын паш етті.
ENRS-тің жылдық балансының жариялануы көптеген тау-кен және металлургия өндірісі саласы бойынша сарапшылар мен мамандардың көптеген жарияланымдарына себепші болды. Өндірістік қызметтің жағымды көрсеткіштерін негізге ала отырып, беделді авторлар 2010 жыл ENRS кәсіпорындарының барлығында даусыз экономикалық өсім жылы ретінде аталатындығына сенім білдіреді. Сонымен қатар, компанияның құнының артуына да себепші болып отыр.
2009 жылдың өндірістік көрсеткіштерін жалпылама есепке ала отырып, дағдарыс жылының табысты алынғандығы туралы қорытынды жасауға әбден болады. Қазіргі таңда кәсіпорындар бар қуатымен жұмыс жасау үстінде. Инвестициялық және инновациялық жобалар жалғасын тауып, жүзеге асуда. Басқаша айтсақ, Еуразиялық корпорация қазақстандық металлургияның бренді болып саналатындығын тағы бір рет дәлелдеді.
Венера ТҮГЕЛБАЙ.