Күрес • 22 Ақпан, 2020

Күрес: Бес балуанымыз да қола медаль үшін таласады

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нью-Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатында боз кілемге шыққан Қазақстанның еркін күрес шеберлерінің бесеуі де қола медаль үшін таласады.

Күрес: Бес балуанымыз да қола медаль үшін таласады

50 кило салмақтағы Нұрислам Санаев Ирак пен Иран балуандарын ұтқанымен жартылай финалда жарыс қожайыны Құмар Равиге есе жіберді. Үшінші орын үшін тарыста жерлесіміз жапониялық Юки Такахашмен белдеседі.

 

65 кило салмақтағы Дәулет Ниязбеков ширек финалда Жапонияның мықтысы Такуто Отогуродан жеңілді. Үшінші орын үшін қандасымыз моңғолиялық Ниямдорж Батулгамен белдеседі.  

 

70 кило салмақтағы Мейіржан Әшіровтіі жолын Иранның саңлағы Әмірхуссейин Әли Хоссейни бөгеді. Бұл бәсекенңі тағдырын бір ғана ұпай шешті. Есеп – 4:5. Енді қазақ жігіті үндістандық Навен Навенмен шеберлік байқасады.

 

79 кило салмақтағы Ғалымжан Өсербаевты қырғыз спортшысы Арсалан Буджапов қапы қалдырып кетті. Қола медаль үшін ол ирандық Әли Бақтияр Савадкоухимен сайысқа түседі.

 

97 кило салмақтағы Әлішер Ерғали Парсы елінің өкіліне есе жіберіп, енді қырғызстандық Магомед Мұсаевпен күреседі. Бұл бәсекеде де қола медальдің иегері анықталады.