Депо қызметкерлерінің қолайлы жағдайда жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Ғимаратта шеберхана, спорт залы, оқу сыныбы, халыққа нұсқау беру бөлмесі және т.б. бөлмелер бар. 3 қабатта қызметкерлерге арналған жатақхана орналасса, 4 қабатта пәтерлер бар. Депо аумағында оқу мұнарасын, кедергілері бар 100 метрлік жолақты және әмбебап алаңды салу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар қала әкімі Алтай Көлгінов №1 индустриалды паркке барды. Кәсіпорын басшылары бірқатар сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын айтты. Көтерілген мәселелер жұмысқа алынды.