Үкімет • 23 Ақпан, 2020

Ғабит Сыздықбеков Сербия кооперативтік одағының президентімен кездесті

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Сербия Республикасындағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасы Ауыл, орман және су шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Дарко Божич және Сербия кооперативтік одағының президенті Николай Михаиловичпен кездесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғабит Сыздықбеков Сербия кооперативтік одағының президентімен кездесті

Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы, оның ішінде ең жоғары және жоғары деңгейдегі бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау шеңберінде, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты үкіметаралық комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша өзара іс-қимылдың перспективалары мен ықтимал форматтарын талқылады.

Атап айтқанда, тұқымдардың жоғары сапалы сорттарын өндіру және жемістер мен жидектерді сербтік технология бойынша өсіру тәжірибесін зерделеу мақсатындағы қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты жолға қою үшін Сербияның жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарына сапарларды ұйымдастыру жайында уағдаластыққа қол жеткізілді.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Сербия Республикасы Ауыл, орман және су шаруашылығы министрлігінің Ветеринария басқармасы арасындағы ветеринария саласындағы ынтымақтастық жайында Меморандумға қол қою перспективалары талқыланды.

Кездесудың аяғында Қазақстан Елшісі Қазақстан мен Сербияның мүдделі ведомстволар мен іскер топтары өкілдерінің екі елдің аумақтарында ұйымдастырылатын жәрмеңкелер мен көрмелерге өзара қатысуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды ұсынды.