Спорт • 23 Ақпан, 2020

Бүгін де дзюдошыларымыз жүлдесіз қалды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Дюссельдорф қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінің екінші жарыс күні де Қазақстан құрамасына жүлде бұйырмады.

Бүгін де дзюдошыларымыз жүлдесіз қалды

73 кило салмақтағы Мадияр Сембаев тұсаукесер кездесуінде словениялық Мартин Новактан ұтылса, Аңсарбек Ғайнуллин Мальта балуаны Джереми Саювеоға сан соқтырды. Алайда одан кейін Аңсарбек украиналық Артем Хомулаға есе жіберді.

81 кило салмақтағы Руслан Мұсаев ресейлік Хасан Қалмұрзаевқа жарытып қарсылық көрсете алмады. Аслан Сағатбек габондық Теренсе Коуамбаны қапы қалдырғанымен, іле-шала Ли Джиннен жеңілді.

Әйелдер арасында 63 кило салмақтағы Иоланта Бердібекова мадагаскарлық Дамиела Номенжанахариден басм түскенімен, екінші айналымда Словенияның даңқты балуаны Тина Трестнякқа тізе бүкті.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше