Елорда • 23 Ақпан, 2020

Елордада жабық сауда орыны қызметкерлері үшін жатақхана салынды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Нұр-Сұлтанда жабық үлгідегі базар ашылады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов аумағы 18,5 мың шаршы метрді құрайтын «Орда» («Биг Шанхай») көтерме-бөлшек сауда базарының құрылысымен танысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елордада жабық сауда орыны қызметкерлері үшін жатақхана салынды

Қызметкерлерге жағдай жасау үшін жұмыс беруші есебінен жатақхана салынды.

Сондай-ақ әлеуметтік нысандар салу жоспарланып отыр. Қала әкімі Алтай Көлгінов ашық базар форматынан жабық үлгідегі базарларға көшу қажеттігін атап өтті. Бұл тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін жақсартатыны сөзсіз.

«Мемлекеттің ашық базарларды заманауи үлгідегі сауда форматтарына көшіру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру үшін базарларды жаңғырту, жаңа сауда нысандарын салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қалада 26 базар бар. Оның 14 – жабық, 12 – құрамдастырылған. Осы бағыттағы жұмыстарды белсенді жүргізу керек. Өз тарапымыздан барынша қолдау көрсетеміз. Өткен жылы екі жабық базардың құрылысы аяқталды», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.