
Министрдің қабылдауына келген Ибрагим Әділетбаев ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы қызмет еткен қалалар мен елді-мекендерге ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның қорытындысы ретіне кітап басып шығару туралы пікірін айтты.
А.Рахметоллақызы бұл мәселені Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып жүзеге асыруға болатынын жеткізді. Сонымен қатар бұл ұсынысқа А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты бей-жай қарамайтынын атап өтті.
Қанат Алпысбаев Петропавл қаласындағы жалпы білім беретін мектептен балаларға арналған спорт мектеп-интернатына 8-сыныпта оқитын ұлын ауыстыру туралы мәселеге тиянақты жауап алды.
«Сіздің ұлыңыз жаңа оқу жылында конкурстық негізде аталған білім беру ұйымдарына қабылдауға қатыса алады. Баланыздың спортта шымыр болуына тілек білдіремін,»-деді Министр. Және де бұл мәселеде ешқандай күрделі түйін жоқ екенін, жас спортшыға тиісті мекемелер барынша қолдау білдіретінін айтты.
Заңгер, саясаттанушы Нақыпбек Садуақасов министрге қазақтың алып тұлғалары Әлихан Бөкейханұлы, Әлімхан Ермеков, Күләш Байсейітова және т.б. дүниеге келген Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы туралы деректі фильм түсіру бойынша ұсыныс білдірді.
А.Райымқұлова ұлт тарихына бей-жай қарамаған азаматқа ризашылығын білдіре отырып, «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру туралы шешім Сараптама кеңесінің оң қорытындысы және Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымы негізінде қабылданатындығын түсіндірді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтінімдер Сараптамалық кеңестің және ведомствоаралық комиссияның қарауына «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ-мен ашық конкурс жариялау жолымен енгізілетінін, осыған орай, авторға Ақтоғай ауданы туралы деректі фильм түсіру бойынша аталған орталыққа тиісті өтініш беру керектігін айтты.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Е.Есжанов Мәдениет және спорт министріне қаланың іргесіндегі Өндіріс елді мекенінде балаларға арналған спорт мектебін салу туралы өтінішпен келген. Министр еліміздегі бұқаралық спорттың дамуына жергілікті жердегі билік тиісті дәрежеде назар аударып отырғанын, Өндіріс ауылында спорттық денешынықтыру-сауықтыру кешені салынатыны қаланың жоспарында бар екендігін айтты.
ІТ маманы Аралбай Қуанышбек ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай сувенирлік өнім дайындаған. Ұлы тұлғаның мерейтойына арналған қолөнер туындысымен танысқан министр қажет болған жағдайда дайын өнімді сатып алу мәселесі бойынша алдағы уақытта министрліктің арнайы мамандары хабарласатынын жеткізді.
Министрмен жеке мәселе бойынша кездескен ел азаматтары да тиісті жауап алды.
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар