Спорт • 23 Ақпан, 2020

«Астана» шабандозы «Вольта Альгарве-2020» жарысының төртінші кезеңінде топ жарды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Португалияда «Вольта Альгарве-2020» көпкүндік веложарыстың төртінші кезеңі аяқталды, деп хабарлады Prosports.kz.

«Астана» шабандозы «Вольта Альгарве-2020» жарысының төртінші кезеңінде топ жарды

Жарыстың төртінші кезеңінде «Астананың» колумбиялық шабандозы Мигель Анхель Лопес жеңіске жетті.

Осы жеңістің арқасында Лопес жалпы есепте алтыншы орыннан төртінші орынға көтерілді.

«46th Volta ao Algarve» көпкүндік веложарысы. Португалия.

Төртінші кезең (169.7 шақырым)

  1. Мигель Анхель Лопес (Astana Pro Team) - 4:16:25
  2. Дэн Мартин (Israel Start-Up Nation) – 0:02
  3. Ремко Эвенепул (Deceuninck-Quick Step) – 0:04

Жалпы есеп:

  1. Ремко Эвенепул (Deceuninck-Quick Step) - 18:59:35
  2. Дэн Мартин (Israel Start-Up Nation)
  3. Максимилиан Шахман (BORA – hansgrohe)

 ...4. Мигель Анхель Лопес (Astana Pro Team) – 0:01