Хоккей • 23 Ақпан, 2020

Шайбалы хоккей: «Барыс» Қиыр шығысқа аттанды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты біріншілігінде «Барыстың» енді екі ойыны қалды. Ол кездесулердің екеуінде олар сыртта өткізеді.  

Шайбалы хоккей: «Барыс» Қиыр шығысқа аттанды

Қиыр Шығыста өтетін қос бәсекеге «Барыстың» бас бапкері Андрей Скабелка тек қана қазақстандық ойыншыларды апаруды құп көрген екен. Осылайша, айтулы маман Гагарин кубогы жолындағы жарыс қарсаңында легионерлердің біраз тынығып алуына мүмкіндік беріп отыр.  

 

24 ақпанда «Барыс» Владивостоктың «Адмирал» клубына қарсы ойнаса, 26 ақпанда Хабаровскінің «Амурымен» айқаксады. Бұл бәсекелерде елордалық клубтың сапында мына хоккейшілер өнер көрсетеді:

 

Қақпашылар Сергей Кудрявцев, Денис Каратаев және Кирилл Стрия.

Қорғаушылар Самат Данияр, Никита Клещенко, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Валерий Орехов, Кирилл Полохов, Максим Семёнов жәнеЕгор Шалапов.

 

Шабуылшылар Павел Акользин, Әлихан Әсетов, Артур Гатиятов, Дмитрий Гурков, Саян Данияр, Ярослав Евдокимов, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Антон Некряч, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Дмитрий Шевченко және Аркадий Шестаков.