Қоғам • 24 Ақпан, 2020

Телеарна жұмысының есебі тыңдалды

176 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Qazsport» телеарнасының өткен жылғы атқарған жұ­мыс­тарының есебі тыңдалды. Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаев, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Л.Таныс­бай, «Qazsport» теле­арна­сының директоры П.Цыбулин, Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшы­сы С.Мұсайбеков, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Б.Тілеу­хан және өзге де спорттық федерациялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

 

Телеарна жұмысының есебі тыңдалды

Арнаның 70 пайыз өнімі спорттық трансляциялардан тұрса, 20 пайызы бағ­дарламалар мен жобаларды құрай­ды. Телеарна өткен жылы Азия-Тынық мұхи­ты хабар таратушыларының одағына (ABU) кірді. Ұйымға 76 елден 272 адам мүше­лік етеді.

Сонымен қатар Қоғамдық кеңес оты­ры­сында 2020 жылғы Токио Олимпиа­дасының трансляциясын ұйымдас­ты­ру мәселелері талқыланды. 2020 жылғы Жазғы Олимпия ойындарына Қа­зақстан әзірге 29 лицензия иеленді.

«Қазақстанда «Qazsport» арнасын көрмейтін бірде-бір адам жоқ. 2020 жылғы Токио Олимпиадасының көрсе­ті­лімін де жоғары деңгейде ұйымдас­ты­руды қамтамасыз ету қажет. Биылғы Олимпия ойындарына қатысатын спортшылардың 80 пайызы – жастар. Бұл – еліміздегі өзге де жастар арасында спортты насихаттаудың бірден-бір жолы», деді өз сөзінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаев.

«Ұлттық спорт түрлерін насихаттауда «Qazsport» арнасының рөлі зор. Қай жағынан болсын қолдау тауып жатыр. Қазір арна ұлттық спорт түрлерін өзге елде көрсету бойынша бастама көтеруде. Бұл – құптарлық мәселе. Қауымдастық тарапынан жобалар ұсынуға дайынбыз», деді Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Б.Тілеухан.

Қоғамдық кеңес қатысушылары отырыс барысында одан бөлек, ұлт­тық спорт түрлері мен бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, қа­зақстандық комментаторлар мектебін ұйымдастыру, еліміздегі спорт жур­налистерінің мектебін қалыптастыру туралы пікірлері мен ұсыныстарын біл­дірді.