Футбол • 24 Ақпан, 2020

Рейтингтегі орнын сақтап қалды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми сайтында футболдан ұлт­тық құрамалардың ақпан айына ар­нал­ған рейтингі жарияланды. 2020 жыл­дың алғашқы рейтингін Қазақстан 118-орын­мен бастады. Өткен жылғы рейтингте де Қазақстан 118-сатыда болатын.

Рейтингтегі орнын сақтап қалды

Жалпы жыл басындағы рейтингте аса қатты өзгеріс жоқ. Рейтингтің көшін әдет­тегідей 1765 ұпаймен Бельгия құрамасы бас­тап тұр. 2018 жылғы әлем чемпиондары – Франция (1733) екінші, былтырғы Америка кубогының иегері Бразилия (1712) үздік үштікті қорытындылап тұр.

Қазақстан құрамасы алдағы наурыз айында екі жолдастық кездесу өткізеді. Алматыдағы оқу-жаттығу жиыны аясында жерлестеріміз 27 наурыз күні Орталық стадионда Литва, 30 наурызда Армения футболшыларына қарсы ойнайды.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше