Ақмола облысы, Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалаларында қалың тұман сейілмей, жолдағы қозғалыс қиындады.
Нұр-Сұлтан – Қарағанды бағытындағы автобанда шектеу қойылды. Яғни, жүк және қоғамдық көліктер қаладан шығарылмайды.
Ал, Шығыс Қазақстан обылсында Өскеменнен Серебрянскке қарай апаратын жол жабық. Төтенше жағдай қызметінің мамандары алыс жолдарға шықпауға кеңес береді.