Аймақтар • 24 Ақпан, 2020

О. Оразалин: Президенттік жастар кадр резервінен іріктелген мамандарға артылған сенім мол

326 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Президенттік жастар кадр резервінен іріктелген мамандармен жиын өткізді. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады

О. Оразалин: Президенттік жастар кадр резервінен іріктелген мамандарға артылған сенім мол

Басқосуға аппарат басшысы Нұржауған Қалауов, Мәртөк ауданының әкімі Ермек Кенжеханұлы, кәсіпкерлік басқармасының басшысы Қайрат Райымқұлов, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Мақсатов, «AQTOBE HUB» өңірлік даму орталығы корпоративтік қоры» АҚ-ның директорының орынбасары Әнуар Нұртазин және т.б Президенттік жастар кадр резервінен өтіп, лауазымды қызметтерге тағайындалған мамандар қатысты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесіне меритократия негізінде тек лайықты, білімді адамдар келулері керек. Кадрлар іріктеуде басқа қағидат болмауы тиіс.Тұтастай алғанда, бізге биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру қажет,-деген болатын. Осы тұста сіздерге айтарым әр қызметтің қиындығы мен талабы болады. Қандай дәрежеге болмасын адам еңбектенудің арқасында жетеді. Тәжірибемен қатар, жеке қасиеттермен де ерекешеленуі маңызды», деп атап өтті облыс әкімі.

Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы Нұржауған Қалауов өңірдегі мемлекеттік қызметтің жай-күйіне тоқталды. Облыс, қала және аудан әкімдіктерінің басшылық лауазымдарына «Мансаптық жоспарлау картасы» әзірленген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың жалпы жасақталуы 94,8% құраған.Өз кезегінде бұл өңірдегі мемлекеттік қызметтің тартымдылығын көрсетуде.

Сондай-ақ елге қызмет жасаудың жауапкершілігі мен талаптарына тоқталған аймақ басшысы жастардан жаңашылдық, өзгеше жобалар күтетіндігін жеткізді.

Жиын барысында «AQTOBE HUB» өңірлік даму орталығы корпоративтік қоры» АҚ-ның директорының орынбасары Әнуар Нұртазин қоршаған ортаны көгалдандыру, автокөлік жолдары мен электрондық қоғамдық көлік саласын дамытуға қатысты жобаларымен таныстырды. Облыс әкімі аталған ұсынысты бірнеше аудандарда пилоттық жоба ретінде жүзеге асыруыға болатындығын айтты. Аймақ басшысының Президенттік жастар кадр резервінен іріктелген мамандармен бұл екінші рет кездесуі екендігін айтып өтейік.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше