14 Тамыз, 2013

Жаңақорған ауданында шопанның өлі денесі табылды

250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Чабан-1

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Шалқия кенті маңынан екі айдан бері із-түзсіз кеткен 48 жастағы шопанның жерге көмілген мәйіті табылдыі. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Үстіміздегі жылғы 11 тамыз күні Жаңақорған аудандық ішкі істер бөліміне Шалқия кентінен 6 шақырым қашықтықта жерге көмілген мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жетіп, өлген азаматтың осы ауданның 1965 жылы туған тұрғыны екенін анықтаған. Оны белгісіз біреудің басынан қатты затпен ұрып, өлтіргені де белгілі болды.

Марқұмның отбасы мүшелері биылғы жылдың мамыр айында аудандық ішкі істер бөліміне оның жоғалып кеткені жөнінде хабарлама берген екн. Содан бері ол азаматтың дерегі еш жерден шықпаған. Тексеру барысында бұл мәйіттің сол азаматқа тән екені айғақталды.

Полиция қызметкерлері орын алған іс бойынша іздестіру шарасын жүргізіп, осы іске қатысы бар күдікті азаматты қолға түсірді. Күдікті азамат осы ауданның 1991жылы туған тұрғыны болып шықты. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы егістік алқапта жұмыс жасап жүрген жерінде ұсталды.

Күдіктінің айтуынша, жәбірленуші екеуі ауданның шет аймағында қой бағып, жұмыс жасайтын болған. Күдікті жәбірленушінің жәрдемшісі болып қызмет атқарған. Оқиға болған күні яғни, мамыр айының 11-інде түнгі уақытта жәбірленуші жайлауға ішіп келіп, күдікті екеуі арасында жанжал туған. Үй алдында екеуі төбелесіп, күдікті жәбірленушінің басынан қатты ағашпен ұрып қалады. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған соң, күдікті оны сол маңға қазып, көміп тастайды.

Күдікті кісі өлтіргенін ешкімге айтпай, қой бағып жүре береді. Жәбірленушіні сұраушыларға. «Мұнда келген жоқ» деп жалған айтады. Оқиға болған күннен 2 айдан кейін, күдікті ешкімге ескертпей, із-түссіз кетіп қалады.

Қазір күдікті аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысында отыр. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Егер сезіктінің ісі толық дәлелденсе, онда оған сот шешімімен 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Құрыш Нұрымбет.