Видео • 24 Ақпан, 2020

Дәурен Абаев Facebook парақшасында «Біз біргеміз!» аталатын бейнеролик жариялады (видео)

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында «Біз біргеміз!» бейнероликтер топтамасын жариялады.

Дәурен Абаев Facebook парақшасында «Біз біргеміз!» аталатын бейнеролик жариялады (видео)

«Бүгіннен бастап парақшамда «Біз біргеміз!» бейнероликтер топтамасын жариялаймын.

Жобаны біздің Министрлік «О.Ү.Media» продакшн-студиясымен бірге «Хабар» Агенттігінің қатысуымен жасады.

Бұл – қазақ өнері, әдебиеті, білім беру мен ауыл шаруашылығы саласындағы біртуар тұлғалар туралы көлемі шағын, алайда мәні терең дүниелер. Ол тұлғалардың барлығы да қазаққа өлшеусіз еңбек сіңіріп, «ұлттық кодының» сақталуына, дамуына зор үлес қосқан өзге этнос өкілдері.

Бейнероликтер Герольд Бельгер, Александр Затаевич, Александр Бараев, Нина Патрушева, Евгений Брусиловский және тағы да бірқатар қайраткерлердің оқиғаларын баяндайды.

Өздеріңіз білетіндей, «Алғыс айту» күні таяп қалды. Ол – бірлік пен мейірімділік мерекесі, Қазақстан халқының ортақ тарихымызға салауат айтып, келешекке ынтымақты аманат ететін мейрамы.

Біз де осы жобамыз арқылы бабалар ерлігін балалар жадында жаңғыртуды және бүгінгі егемен елімізді құруға атсалысқан барлық жандарға алғыс айтуды мақсат еттік», - деп жазды министр.