Абай • 24 Ақпан, 2020

Өскеменде «Abai175» белгісі қойылған автокөліктер шығарылды

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Өскеменде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ақын есімі берілген арнайы трамвай жолға шыққан болатын. Енді міне, облыс орталығындағы «АЗИЯ АВТО» акционерлік қоғамы мерейлі датаға орай «Abai175» деген белгісі бар автокөліктерді сатылымға жібермек.

Өскеменде «Abai175» белгісі қойылған автокөліктер шығарылды

«Ақын мерейтойы құрметіне бір көлік сериясын арнауды жөн көрдік. Әр көлікте хәкімнің қара сөздерінен алынған үзінділер жинағы болады. Бұл сериямен 500 LADA Granta  маркалы көлік шығарылмақ. «Abai175» белгісі бар автокөліктер ақпан айының соңына таман сатылымға түсуі тиіс» дейді «АЗИЯ АВТО» АҚ бас директоры Ерік Сағымбаев.

1

«Abai175» белгісімен шыққан көліктің біріншісі ең әуелі Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарға көрсетіліпті. «Біз компанияға Абай логотипімен көлік сериясын шығаруды ұсындық. Басшылық ұсынысымызды жүзеге асырғанына қуаныштымыз» дейді ол.

2

 

ӨСКЕМЕН