Кино • 24 Ақпан, 2020

27 ақпанда киножобалар питчингі басталады

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың 27 ақпанынан наурыздың 6-на дейін өткен жылдың қазан айында басталған мемлекеттік қаржылық қолдауға үміткер фильмдерді іріктеу аясында киножобалардың байқауы өткізіледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

27 ақпанда киножобалар питчингі басталады

Достық үйінде  (Алматы қаласы, Құрманғазы көш., 40) авторлар кино туындыларын қорғайды.

Іс-шараны өткізу уақыты: сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін.

Сонымен қатар питчинг ҰКҚМО-ның YouTube-тағы ресми арнасында онлайн режимінде көрсетілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық фестивальдерге қатысуға айқын әлеуеті бар авторлық қойылымдар да, көпшілік көрерменге арналған коммерциялық көркем және анимациялық фильмдер де, сонымен қатар деректі және қысқа метражды жобалар мен халықаралық қосалқы өнімдер де «ұлттық фильм» атағын иеленуге үміткер бола алады.

Шешімдер:

  • Жобаны әзірлеу
  • Сценарий
  • Тілі
  • Прокатқа шығару әлеуеті
  • Фестивальға қатыстыру әлеуеті
  • Тақырыбының өзектілігі
  • Режиссердің тәжірибесі (дебютанттар үшін: қысқа метражды туындыларының болуы)
  • Продюсердің тәжірибесі
  • Түсірушілер тобы
  • Жобаның материалдық-техникалық қамсыздандырылуы (анимация үшін).
Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51