Медицина • 24 Ақпан, 2020

Шымкент қаласындағы мектептерде медициналық кабинеттер жаңартылуда

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте МӘМС жүйесі бойынша мектепқабырғасында балаларға көрсетілетін медициналықкөмекті БАҚ-на таныстыру үшін пресс-тур өтті. 

Шымкент қаласындағы мектептерде медициналық кабинеттер жаңартылуда

Шара барасында тілшілер №65 мектепқабырғасындағы медициналық пунктің жағдайыментанысты. Атап айтқанда, журналистер қабылдаубөлімі мен ем-шара кабинетінің жұмысын көріпшықты. Мектептегі медициналық кабинеттердеалғашқы медициналық көмек және профилактикалыққызметтер көрсетіледі.

Мұндағы медицина мамандары автоматандырылғанбасқару жүйесі арқылы жұмыс істейді. Бірыңғай жүйеарқылы мектептегі медицина мамандары оқушыныңденсаулық жағдайы туралы ақпаратты жергіліктіемханаға хабарлама беріп отырады.

Бүгінде Шымкент қаласында 137 мектеп бар. Оларға18 медициналық мекеме МӘМС жүйесі аясындақызмет көрсетуде. Мектеп ішіндегі медициналықахуалға қанық болған «Міндетті медициналықсақтандыру Қоры» КЕАҚ-ның Шымкент қаласыбойынша филиалының директорының орынбасарыШалқар Шеримов биылғы жылы қаладағы мектепмедицинасының дамуына қазынадан 1 миллиардтанастам қаражаттың бөлінгенін мәлімдеді. «Жылбасынан бері шаһардағы барлық білім ұяларындағымедициналық кабинеттерді қайта жабдықтапжатырмыз. Мамандар санын да көбейтеміз. Бұл өзкезегінде оқушылардың денсаулығын жақсартып, балалар арасындағы түрлі аурулардың алдын-алуғасептігін тигізеді»,- дейді Ш.Шакимұлы.

Бөлінген қаржы бойынша мектеп қабырғасындағыбалаларға жыл сайын профилактикалық тексеруденөту және стоматологиялық медициналық көмектеркөрсетіледі.

 

 

Шымкент