«Саяси коммуникациялар» тақырыбындағы семинарғаҚызылорда, Жамбыл және Түркістан облысы мен Шымкент қаласының бастауыш партия ұйымдарыныңжетекшілері, белсенді мүшелері, қалалық мәслихатдепутаттары қатысты.
Сондай-ақ, Шымкентке жұмыс сапарымен келген«Nur Otan» партиясы Төрағасының Біріншіорынбасары Бауыржан Байбек те дәрістыңдаушылармен кездесті.
«Бастауыш партия ұйымдары өкілдерінің дәрістыңдауына барлық жағдайды жасадық. Білім алу, бірлесе тәжірибе алмасудың берері мол. Бізадамдардың санасын дамытуға жұмыс істеуіміз керек. Халықпен дұрыс диалог орнатуға мән берейік. Еңбасты мақсат – қарапайым азаматтардың сенімі», дедіБауыржан Қыдырғалиұлы.
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары жұмыссапары барысында партиялық бақылауға алынғанөтініштердің орындалуын тексеріп, Үкіметтік емесұйымдардың өкілдерімен, зиялы қауыммен, жастармен және қаланың басқа да белсендітұрғындарымен кездесті.
Саяси менеджмент мектебінің дәстүрлі семинарыныңжоспарлары туралы сала жауаптылары өз ойларынортаға салды.
«Биыл еліміз бойынша 1700 белсенді азаматты оқытужоспарланып отыр. Негізгі мақсат – көпшіліктіңалдында дұрыс сөйлеу, партиялық бағдарламалардыжеткізу бойынша әдіс, тәжірибелерін дамыту», дейдіСаяси менеджмент мектебінің директоры ШыңғысНұрланұлы.
Шымкент